Серік Момынов 1990 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. 2007 жылы Шыршық қаласының №9 орта мектебін бітірді. 2013 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасын "Туризм" мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дың рекреациялық география және туризм кафедрасының магистратурасын "Туризм" мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін ала отырып бітірді. 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың рекреациялық география және туризм кафедрасының маманы болып жұмыс істеді. 2019 жылдан – оқытушы, 2024 жылдан – рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы. Дәріс, семинар және зертханалық сабақтар жүргізеді. 2019- 2024 жылдары география және табиғатты пайдалану факультетінің СҒЗЖ төрағасы. 2024-2025 оқу жылынан бастап оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі рекреациялық география және туризм кафедрасы меңгерушісінің орынбасары. 2021-2022 оқу жылында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да өткен "Үздік эдвайзер-2022" байқауында "Үздік эдвайзер апталығы" номинациясын жеңіп алды. Халықаралық рецензияланған журналдарда бірлесіп жазылған бірнеше ғылыми мақалалары, сондай- ақ сертификаттары, грамоталары мен дипломдары бар.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
2013
Қызығушылығы